Posted in

ЖҮРЕГІН ҚОЗҒАДЫ

Ерекше әсерге бөледі, толғантты. ~ Қызының қоштасқандағы зарлы дауысы Ақымның тұла бойын қалтыратып, жүрегін қозғады. А.Жақ. ~ «Елім» менен ұйқастырған «жерімді», Талай ақын таусылғанша төгілді. Ұйқас тозды, бірақ жерім тозбады, Әр ақынның жан-жүрегін қозғады. Ә.Тәж. ~ Екі жыл өтті өмірден Сәкен озғалы, Оқыс қаза сан жүректі қозғады. Тарлан еді-ау, биік туған арманы, Айғақ болған Айға қолын созғаны. К.Сал.