Әбден семірді; дандайсыды. ~ Жүрегін май басып, толыңқырап кеткендікі ме, сәл қозғалса демігіп қалатыны бар. Қ.Жұм. ~ Оған осынау бұғағы салбыраған, не жеп семіретіні белгісіз, санасы мен сезімі қарынға айналып кеткен, жүрегін май басқан жайбасар, қатты жүрмейтін, әсте де қарап тұрмайтын дүрбілі еркек өмір бақида өкшелеп қуып отыратындай. О.Бөк. ~ Құлашаның «ғұламалығы» ол шақта жүрегін май басқан Омарға жындының сандырағындай естілген әрі өлердей жек көріп, бес бересі, алты аласысы болмаса да суқаны сүймеп еді. О.Бөк.
