Көңілін қалдырды, қапа қылды, көңілін суытты. ~ Жеме-жемге келгенде Ақтоқты осыдан шыға алмайды, дәлелді сөздерді айтып, Ақанның жалынды жүрегін суыта береді. Ә.Марғ. ~ … енді мына ‹‹қара қаптал›› дегені күн сайын кетеуін кетіріп ең соңы ‹‹текені құтыртқан осы екеу›› дегендей Нүркенге деген адал ниет, шынайы жүрегін суытып, өмірге деген құштарлығына бұғау болған ауруды ойлағанда енді еркектігінен арылмай амалы жоғын ұққанда Шөке Нүркеннен айырылмай амалы жоғын ұғып, есінен айырыла еңіреді. Б.Жұм. ~ Өгей өлең өз жүрегін суытқан Көзі бар ма көп жүрегін жылытқан? «Құрдасымның» кемшілігін бүркеме. Ақынмын деп жыр жазайын шыныққан. Ғ.Қай.
