Posted in

ЖҮРЕГІН ТАС БЕКІТТІ

Сезімін тізгіндеді, көңілі ешкімге жібімеді. ~ Ержан жұртпен сырласуға құмар емес-ті, қолынан келгенінше жүрегін тас бекітіп алған. Тек бір адамға ғана сәулеге талпынғандай ұмтыла береді – ол Раушан. Т.Ахт. ~ Ештеңені көрмейін, сезбейін дейді. Сілейген өлік сияқты. Жүрегін, жан сарайын кір шалмастай тас бекітіп алып, арам тәнін итке лақтырғандай арсыз шалдың илеуіне беретін. Т.Сәу.