Posted in

ЖҮРЕГІН ТІЛДІ (ТІЛГІЛЕДІ)

Жанын шырқыратты, өзегін өртеді. ~ Бұл эпизодта бәрі сөйлеп тұр. Қара қылыш, қара жылан секілді сусылдаған қара қайшы сенің де жүрегіңді тіліп бара жатқандай. Р.Нұрғ. ~ Күн көл бетінде күлімсіреп тұрған сұлу қызға ұқсайды. Анда-санда мұңды даусы жүрегіңді тіліп жібергендей сыңқылдап, ұшып- қонып жүрген шағалалар да көрінеді. М.Дәу. ~ Қорлама кінәсізімді, болыс! Ләйлімнің шыр еткен даусы жүрегімді тілгілейді! Ал малыңды! Қайтар қызымды, Азынабай! Уай, Азы-на-ба-ай-й! С.См.