Тәбеті шаппады. ~ Түскі тамақты маған, бұрынғыша, каютаға әкеліп берді. Алдағы оқиғалар қатты толғандырғандықтан, жүрегіме ас батпады. Ж.Верн. ~ Ақназардың жүрегіне ас батпай кілкілдеп отыр. Етегінде жатқан құйымшаққа тісін де тигізген жоқ. З.Шүк. ~ Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. М.Әу. ~ Жұрт күңіреніп алды. Жұрт жерімен, суымен қоштаса бастады. Қолдан келер іс жоқ. Салқын қанмен елдің толқынына қарап отыруға шыдай алмай, жүрекке ас батпады. Көкірек қасіретке толды. С.Сей.
