Posted in

ЖҮРЕГІНЕ (ЖАНЫНА) ЖЫЛЫ ТИДІ

Ұнамды естілді, жақсы әсер қалдырды. ~ Ғазиз жаман жігіт емес, дұрыстап жауабын бер, — деді Лидаға. Апасының сөзі бір түрлі жылы тигендей болды, оны құшақтап алып сүйгісі келді. Б.Бұлқ. ~ Алғашқы осы тостан кейін айтылған сөз де, қалжың да, әзіл де жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп жатты. М.Сүн. ~ Оспанның жаңағы айтқандары алты ай қыс бойына сіресіп жатқан мұз айдынының жиегінен жүгірген жылмық суындай Қасболат жүрегіне бір түрлі жылы тиіп еді. С.Ом. ~ Дәл қасымнан қысыла дем алғаны, ұяла қарағаны… маған тура қарауға ұялғаны жүрегіме сондай жылы тиді ғой. С.См. ~ Тілсіз табыстырған жақындық сезініп, екеудің көңіл қойғаны жанына жылы тиіп барады. С.См. ~ Бұл аңыз адамның жанына жылы тиетін, көкейіңді сәулелендіретін аңыз еді. Б.Мом.