Posted in

ЖҮРЕГІНЕ (ЖҮРЕККЕ) ЖАРА САЛДЫ

Жанын ауыртты, көңіліне қаяу түсірді. ~ Бәтимәнің бет топырағы жасырынбай жатып, «бұл үйдің иесі мен, мен» деп, балалардың жүрегіне жара салып отырған сен жыланнан не жақсылық күтуге болады? М.Әу. ~ Бүкіл өмірін ұрпағым қиналмай өссін деп сарп еткен, сол үшін жанын аямай күрескен Жұмат ағаңыздың жүрегіне жара салғанына ол баланың түйсігі, ақылы жетпеген. К.Өтж. ~ Қайткенде баланың жүрегіне жара салмай, балғын шағынан өмірге көңілін қалдырмай сырымды айтып бере алар ма екенмін? Ш.Айт. ~ Бала кезде өз қатарыңнан, бірге ойнап жүрген құрбыларыңнан «жеген таяғың», көрген жәбірің жүрекке жара салмайды, ең ауыры – әкеңнің жоқтығы екен. Б.Тоғ.