Posted in

ЖҮРЕГІНЕ ДЕРТ (ЖАРА) ТОЛДЫ (БОЛДЫ, ТҮСТІ)

Жанын әлдебір сырқат шалды. ~ Ғалымбек бір хабар болар деген оймен екі көзі төрт болып, жүрегіне дерт толып жүрген күндердің бірінде Айманнан хат келді. С.Дос. ~ Күйзеліп жүрген екі адам – Мақпал қыз бен Жабы. Ақиректе есіткен суық сөзі күйеу жігіттің жүрегіне дерт болып жабысты. Қайын енесіне серігін жұмсап отыр. З.Шүк. ~ Әйелдің жүрегіне жара түспесе екен, ол әрқашан да бақытты, қуанышты бола берсе екен деймін. Ә.Нұрш. ~ Шәкіртсіз ғалым тұл дейді. Сұлтанмұрат — шәкіртім. Шәкіртімнің жүрегіне жара түссе, мен де шәкіртсіз тұл қалмақпын. Ал тұл қалған ақында ән де, мән де жоқ. С.Жүн.