Posted in

ЖҮРЕГІНЕ МҰЗ (БОЛЫП) ҚАТТЫ (МҰЗДАЙ ТИДІ)

Іші-бауырын аяздай қарыды, жүрегін суытты. ~ Тыңдасаң, тарих атты шежіре шал Ағытар бүл тау жайлы алуан сыр. Мұз қатып жүрегіне жатқан сұлап, Тұнжырап Тарбағатай талай ғасыр. Қ.Аман. ~ Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс. Егер еріте алмаса, ол осал шығарма. Ш.Мұр. ~ Москваға қарай төніп бара жатқан түнек бұлты қазір өзіміздің үстімізде тұрғандай сезіледі. Иығымызға түскен ауыр салмақтың ішінде Ленинград уайымы да бар. Әр жердегі ауыр халдер солдат жүрегіне мұз болып қатып, аяздай батады. Ғ.Мүс.

Жанын қарып өтті. ~ Қанымкүлдің салмақпен айтқан сөзі келіншектің жүрегіне мұздай тиді. Қарақат көзінен жас мөлт етіп екі тамғаннан кейін жеңімен көзін сүртті … Ғ.Мұст.