Ғашықтық оты, жанын тербеткен сезім. ~ Дәрменнің байқауынша, Абайдың ендігі күндері, ой-дүниесі, жүрек дерті бір үлкен сергелдең мен сенделу халінде. М.Әу. ~ Ал құдіретті күйдің ә дегендегі үні-ақ оны өзінің жүрек дерті мен мұң-мұңлығының, жан сыздатқан уайым-қайғысының тұңғиығына лақтырды да жіберді. Неге бұл мұнша тебіренді? Ш.Айт.
