Posted in

ЖҮРЕК ДҮРСІЛІ

ІӨмір нышаны; жүректің қатты қағуы. ~ Алдан әр-әр жерден семафордың жол ашық екенін білдірген көк жасыл көздері жылтырап көрінеді. Сонау артта электрі самсаған түнгі қала қалып барады. Күндіз-түні жүрек дүрсілі бір тоқтамайтын өмірлі қала. Б.Соқ. ~ Өз сөзін өзі ести алған жоқ, тек жүрек дүрсілі ғана тым-тырыс даланы жалғыз кезген ат тұяғының дүрсіліндей асығыс соғып тұрды. С.Жүн. ~ Аптаптың өрттей қапырық лебі тершіген жүзіне жәннат самалында жайлы тиеді. Естіліп жатқан өз жүрек дүрсілі. Төңірек қызыл құм үздіксіз қайнап тұр. С.Елу.