Аса әсерлі, сезіміңді оятатын сөз, өнер туындысы туралы. ~ Елдің тағдыр-талайын жүрек қылын шертер күйге айналдырып, жалынды жырына қосты… М.Рам. ~ Дәурені дәл солардай өтпеген соң, Өнері жүрек қылын шертпеген соң. Күндейді көре алмаған көп дұшпаны. Биікке талпынғанмен жетпеген соң! Б.Тоғ. ~ Ұзын, әдемі мойындарын әсем иіп, жүрек қылын шерткен сыбызғы үнмен сыңси жүзген аққулар сыры терең сымбаты бөлек сұлулықпен көзді арбап, көңіл толқытатын. С.Дос.
