Posted in

ЖҮРЕК ЛҮПІЛІ

ЖҮРЕК ЛҮПІЛІТыныс-тіршілік, ерекше сезім нышаны. ~ Қоянның көжегіндей бүрісіп бауырына тығылған нәзік жанның жүрек лүпілі сезіледі. С.Елу. ~ Әр билеген сайын бір-біріне жүрек лүпілімен жақындай түскендей. Т.Сәу. ~ Айжанның тұла бойды күйдірген ып- ыстық демі, тық- тық соққан жүрегінің лүпілі, пыс- пыс еткен нәзік демалысы — бәрі- бәрі де бұны бір рахат күйге бөлеген. Д.Әш. ~ Енді әр Бозақ бұрынғыдай тұтас милләт, жүрек лүпілі үндес соққан бір Бозақ боп ойлап, бір Бозақ боп өмір сүруден қалды. Әркім Өзі боп қана тірлік кешуге көшкен. Т.Сәу.