Адамның жан-дүниесі, рухани әлемі. ~ Міне, бұл манағы Байрон жырының рухани жалғасы іспетті. Ақынның айтар
ақиқаты, жан күбірі, жүрек сарайы дәл осылай. Оған бұдан ары бұтарлап түсіндірудің қажеті жоқ. Ж.Шәк. ~ Ғасырға
жуық ғұмырында сан төңкерілген заманалардың, бірін-бірі табалап, бірін-бірі күнәландырып, қынадай қырылысқан
жорықтардың қыры мен сыры жатыр жүрек сарайында. Барлығы да «аш иттің артын сұқ ит жалағанының» кебі… Ғ.Біл.
