Жанын жаралады, шер боп қатты. ~ Жаңағы үкімет адамдарының жүректеріне жебедей қадалған әрі олар күтпеген лебіздің иесі сөзін жалғады. К.Сег. ~ Осы жолы ажалмен анық бетпе-бет келгенін түйсінгенде Қалибектің тұла бойы шымырлап кетті. Дәу қара Камаздың бейнесіне еніп, жүректеріне сұр жебедей қадалғалы келе жатқан сұм ажалдың оғынан ағайынды екеуін Құдай қақты. Т.Көп.
