Екі тізесін бүгіп, артын жерге тигізбей отыруды айтады. ~ Тізені бүгіп, құйрықты жерге тигізбей, бар салмағын екі аяқтың басына сала отыру. Жүрелеп отыру ер адамдарға ғана тəн отырыстың түрі. Қаз. этн. ~ Ту сыртымнан сарт ете қалған қамшыдан ұшып түсе жаздап барып жүрелеп отыра бердім, оң жақ шекем тыз етіп, көзімнің оты жарқ ете түскен. С.Мұр. ~ Не үшін болушы еді? Жерге жүрелеп отыра берсең, бұтыңдағы тыртысқан көк шалбарыңның тігісі сөгіліп кетуі мүмкін, — деп Жәмеш кекесін мырс етті. Д.Әш.
