Нашар, жаман, қолына су құюға жарамайды д.м. ~ Үздік-создық жүйесіз ой-запыранының жүйелі болмаса да жобасын, бар
нәрін айтса былай болар еді: «Құдай ғой мені Омарға құмар қылды, ел-жұрт алдында масқара қып байдан айырды,
абыройдан айырды, қағынан жеріген құландай жалғыз қалдырды; жалғызым, күнім, жарығым Омарды да бір қырсыққа тап
қылып, дос-дұшпанға күлкі қылды, тырнағына татымайтын, жүріп кеткен ізіне татымайтын жамандарға қор қылды, иә,
жаратқан, бар болсаң жарығымның жолын аш, қорлама; ол азатпын дейді, басым бос дейді, тәкаппар жаным-ай, менің
алдымда, төмен етектің алдында төмен көрінгісі келмейді, әйтпесе ішін ит жыртып жатыр емес пе! Ә.Тар.
