Posted in

ЖҰБЫН (ЖҰПТАРЫН) ЖАЗБАДЫ

Бір-бірінен айрылмады; қашан да бірге болды. ~ Мұрыншақ пен Қарымсақ — ағайынды кісідей қысы – жазы көшсе – қонса жұбын жазбай бірге кешіп, бірге отыратын адамдар. Өз ауылдарына бірі Күреден, бірі Құлжадан екеуі де кеше келген. Ж.Ахм. ~ Осы шыңның басында жан серігі Көкдауыл отырушы еді–ау. Екеуінің жұбы жазылмайтын. С.Дос. ~ Үшеуі бір үйдің баласындай тату, қайда барса да бірге, жұптарын жазған емес. Ә.Асқ.