Posted in

ЖҰБЫН ЖАЗБАСТАН (ЖАЗБАЙ)

Қатар жүріп, бір-бірін тастамай, бір-бірінен алыстамай, қол ұстаса. ~ Сонда, Керей ішіндегі «аттың төбеліндей» аз ғана Матақай Обаған бойына келіп, жұбын жазбастан отырып қалады. С.Мұқ. ~ Жеңіп алып, болысты өздері атаған жиырма бір елубасы сол жиырма бір шардың жұбын жазбастан отырып, дәл осы орында он екі старшынның билерін де өз дегеніндей сайлап шыққан. М.Әу. ~ Бес ат әлі жұбын жазбай қатар сілтеп келеді. Төрт аттың үсті де енді сабындалып, балалар еңкейе беріп аттарының көзін сүрте бастады. С.Жүн. ~ Мұрыншақ пен Қарымсақ — ағайынды кісідей қысы – жазы көшсе – қонса жұбын жазбай бірге көшіп, бірге отыратын адамдар. Ж.Ахм.