Posted in

ЖҰДА БОЛДЫ

Бәрінен айрылды, жұрдай болды. ~ Тұқымы қорашылдың жұда болмай, Қалар ма майлы сүйек қар астында? Шәңг. Бөк. ~ Кез болдық заманаға тарылғанда, Жер-судан жұда болып арылғанда, Іштегі қасіреттерді шығарайын Не пайда ішің дерттен жарылғанда!.. С.Сей. ~ Қашан қазақтың ұлы адамдары қадірленіп еді? Ұлттың қамын жегендер тозақтың түбіне кеткен. Өмірден жұда болған. Т.Рыск. ~ Жаңағы қызыл түс бірте-бірте күреңіте бастайтын. Сонан қар бір жауғанда онсыз да жапырағынан жұда болған қайыңдар, жалаңаш тәнін аспанның ақ гүліне орап, көмескілене беретін. Ж.Шәк.