Тап-тап берді, жағасынан алды, ұрыс салды, жауына қарсы ұмтылды. ~ Болмашыға өкпелеп, сөйлеспей қоямыз. Мұндайда кейбіріміз қызбаланып кетеміз. Енді біріміз жұдырық ала жүгіреміз. Ә.Ысқ. ~ Ал, кеп айтыссын!.. Ал, кеп кергілессін!.. Ашу үсті бір–біріне “ой, әкеңнің” деп жұдырық ала жүгірісті. Жұдырық тимей құдай сақтады қайта!.. Д.Дос. ~ Болса несі бар! Менің ниетімде жұмысың болмасын! – деп қапелімде мұрнымнан шертіп қалды. Атып тұрып, жұдырықты ала жүгірдім. Ш.Айт.
