Таяқ жеді, соққыға жығылды. ~ Жылап жүріп қорқытатын бір адамның ел игілігі бөліске түскен жиылыс үстінде шомбал жұдырық жеп, аузынан қара қан аққаны ауылдан асып, аудан көлеміне тарап кетті. Қ.Түм. ~ Сөйтіп жүріп бәз біреуге соқтығам, Соқтығам да түк түсінбей көп тұрам. Оның айтқан барлық сөзін көтерем, Әрине әлгі жұдырығын жеп тынам. Св.Нұрж.
