Ұрды, періп қалды, соққы берді, таяққа жықты. ~ Сүйменқұл ұмтылып жұдырық сілтеген. Отырған бойы жалт берген Қобланды екпінімен етпетінен түскен Сүйменқұлды желкеден бүріп көтерді де, шықшытынан соғып жіберді. С.См. ~ Өй, бұл қыз маған өкпелеп жүр дейді ғой, неге өкпелейсің? Мен сені қорғаймын деп, жігіттерге жұдырық сілтеп жүрсем, сен маған өкпелейсің. Атаңа нәлет арақтың кесірінен жұдырығым жазатайым саған тиіп кетіпті. Кешір, айналайын! Б.Нұрж.
