Posted in

ЖҰЛДЫЗДАР ЖЫМЫҢ ҚАҚТЫ (ЖЫМЫҢДАСТЫ, ЖЫМЫҢ-ЖЫМЫҢ ЕТТІ)

Түнгі аспанда жарқыраған жұлдыздардың көрінісі. ~ Төбемде тұрды Ай қарап, Жұлдыздар жымың қағады нұрмен айқалап. “Жоғалтып алған жоқсың ба, жаным, сен менi?” – алдымнан шықтың СЕН гүлдiң сөзiн қайталап!.. Б.Қ-Ноғ. ~ Жұлдыздар жымың қақпаса, Жаныңа жарық жақпаса, Түнекті түріп ақпаса, Бір Аймен түн де түн емес. А.Ас. ~ …oл дүниeнің бәрінe eнжар күй кeшкeн, алайда аспандағы жымыңдасқан жұлдыздарымeн, үйeк нудан eскeн гүлдeр мeн шірігeн кeсірткeлeрдің жылымшы иісімeн айналаны түн тұмшалаған кeздe oл ұрлап алған қайығының eскeктeрін барынша сілтeй eсіп кeлe жатты… Г.Г.Марк. ~ Әлгі жұлдыздың зымырап бара жатқаны көріне көзге байқалып тұр. Сонда әлгі Бекбай қарт отырып: — Ой, сұмдық-ай, заман өзгергенде аспан да өзгереді екен ғой, бұрынғы жұлдыздар жымың-жымың етіп, бір жерде тұрып алушы еді, ендігі жұлдыздар қас қаққанша аспанды кезіп шығатын болыпты-ау деп ойлайды. Б.Қыд.