Жүрекке жақын, қымбат; ұнамды, тартымды, сүйкімі бар. ~ Хан айтты: «Жақтырмасаң қылған ісін, Неге өмірін тілейсің, айт мәнісін? Кей адамның болады жұлдызы ыстық, Сондықтан ұнаттың ба оның түсін?» Шәк. ~ Өзіңді танығанмен, кімнің әйелі екеніңді білмейтін шығар… Жазушылардың қыз – келіншектерге келгенде жұлдызы ыстық болушы еді. Көз қысып, айналдырған жоқ па? Қ.Жұм. ~ Жатын бөлмедегі кестелерінің ажары қайтқан тозған түскиіз, түгі тақырлана бастаған ескі кілем, өңі түскен әйелдер камзолы, сәукеле, қыздар бөрігін көргенде әжейдің көзіне жас, көңіліне мұң үйірілді. Көне дүниелердің жұлдызы ыстық сезілген сияқты. Т.Рыск.
