Posted in

ЖҰЛДЫЗЫМ ЖОҒАРЫ

Қазақ дүниетанымы бойынша жұлдыз аққанда кісі өледі. Сол себепті жұлдыздың аққанын көрген адам өзі өлмес үшін «жұлдызым жоғары» деу керек. ~ Дәл осы сәтте төбе тұсынан бір жарық жұлдыз аға жөнелді. – Жұлдызым жоғары, – деді Таймас ақырын күбірлеп. І.Ес. ~ «Құс жолы», «Қойгелді» мен «Темірқазық», Жатады түнде көктен жұлдыз ағып. «Жұлдызым жоғары» деп жориды жұрт, Тұрғандай әлденеден көңілі қалып. “Есекқырған”. ~ — Мама, біреуі құлап кетті! — деймін, әлі де басымды қайқитып биіктікке қадалған күйімде. — Құлады деме, жұлдыз ағады, құламайды. Көкке қарай берме, — дейді анам. — «Менің жұлдызым жоғары!» — де. — Неге «жоғары» деймін?
— Жер үстінде біреу қайтыс болса, аспандағы жұлдызы ағып түседі дейді. Ф.Оңғ.