Мардымсыз, пайдасы шамалы іспен айналысты. ~ Келмек тұрып сұңқа адым, жұлық жамап қаңғып жүр, қатқан бар деп қай үйде – көкше түтін аңдып жүр, жамауменен жан сақтап, қара басын қамдап жүр. Ж.Айм. ~ «Жұлық жамаған жарымайды» деген мақалға қарағанда, оны тігу ақысы мардымсыз болғанға ұқсайды. БАҚ. ~ Сен бала,— деді Мықаң,— қонақ сыйлап көрмегенсің бе? «Ақтомарың» түгіл ақтомарыңның да керегі жоқ. Әлгі өзі жұлық жалап жүрген арманыңды қой! Орыстың ағы бар ма? Ағынды ақтармайсың ба бүгін!— Ол бұл сөздерді жүз бөліп зорға айтты. Б.Қыд.
