Posted in

ЖҰЛЫНДАЙ ҰШЫРДЫ (ҰШТЫ)

Алып ұрды, мұрттай ұшырды. ~ Құйрығынан тікен қадалған, тұлып мінген аттар аспанға шапшып, қамшының дүмпуімен жұлынып, үстіндегі қаңбақтай жеңіл кісілерін жұлындай ұшырып, «Қасқырсай» қайдасың деп құздың түкпіріне қарай осқыра жөнелді. Ж.Айм. ~ Екеуінің әдісі де бірдей екен. Кез келген жауын бір қаққанда жұлындай ұшыратын темірдей қос кеуде бар екпінімен кеп серіппедей соғылғанда, екеуі де шалқалақтап барып қайта түзелді. С.Жүн. ~ Кіші-гірім қазандай қол диірменнің серейген жұмыр тұтқасын екі қолымен алма-кезек зырлатып, жұлындай ұшырады. C.Ом. ~ …біреулер бұта қармалап, біреулер тасқа тасаланып жатыр… Үш минут өтті. Тас боратқан күшті құйын бұрқ етті де, жағадағы құз жұлындай ұшты. Ғ.Мұст. ~ Баяғы Сибирьде жүргенде үйренген ат үстінен шыбық шабатын әдісіме салып, қыл мойынды қиғаштай тартып кеп жіберіп едім, офицер жұлындай ұшып түсті. Ә.Нұрш.