Posted in

ЖҰЛЫНЫНА ҚҰРТ ТҮСТІ (ҚҰРТТАДЫ)

Дертке шалдықты. ~ Көпшiлiк жұрт жоқ-жiтiктен сансырап, қоңызын терiп те кеттi. Солардың iшiнде шешелерiнiң де жұлыны құрттап, жүн-жүнi шығып отырғаны анау. Оқыған-тоқыған, қызмет iстейдi, жұмыс жасайды деген өздерi де сiңiрлерiне iлiнiп, сiлiкпелерi ғана қалды. Ә.Ыб. ~ Әлі сендерге күн туады! Қара бұқара заман сендердікі болады. Осы күні сендер еңселері енді көтеріп, елдік істеулерің мақұл. Қазақ қара табандарын тентіретіп, жүкшілерінің, жұмысшылардың жұлынын құрттатып, жеп жүрген өңшең хандарды, ақсүйек, жуандарды қуалауымыз керек… І.Жанс. ~ Пұлың болса, жіліктің майлы басын ұстаған жақсы мен жайсаңның бәрі сенің құлың. Демек, айтқаның болды, атқаның тиді. Қоғам сырқат, жұлынына құрт түскен. Т.Сәу.