Posted in

ЖҰМСА ЖҰДЫРЫҒЫНДА, АШСА АЛАҚАНЫНДА

Ойына келгенін істетті, әмірі жүрді д.м. ~ Көрші-қолаңға құдіреті жүрмегенмен, пәтер жалдаушылар жұмса жұдырығында, ашса алақанында. М.Қаб. ~ Қиянат дегенді бала кезінде, батырақ кезінде көрсе көрген шығар, бірақ ес біліп, етек жиғалы түгел бір ауданды жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстағалы, “Жекей Қалиевич” болғалы, “Сұржекей” деген лақабы шыққалы кеудесін кісі баласына бастырмап еді. С.Ел.