Мақтады, жанына жағатын сөздер айтып жағымпазданды. ~ Сен азды-көпті оқыған азаматсың. Қолыңнан да, тіліңнен де келеді. Осыншалық өмірден неге торықтың? — Маған жұмсақ көпшік қоймай-ақ қой. Өмір деген жалған дүние. Менің жаным жалғандыққа қас жау. Т.Рыск. ~ Жаһандану жандемі жан-жағын жалмауыздай жалмап келеді. Қайтадан Жантықтар тіріліп, жан бітіп жатқандай, қайда барсаң да қазылып жатқан Қорқыттың көрі. Жағымпаздық. Жалтақтық. Жалпақшешейлік. Бай-патшалар бір-біріне жұмсақ көпшік қойып, жарамазан айтудан жалығар емес. Қоғам жемқорлық пен парақорлықтан іріп-шіріп, жаналқымға кептелді. А.Ныс.
