Posted in

ЖҰМЫР БАСТЫ ПЕНДЕ

Адам баласы; көптің бірі. ~ Жас та болса, әр пендеге бір зауалдың дайын тұратынын болжайтын. Ол — өмірге келген жұмыр басты пенденің сол өмірмен мәңгі -бақи қоштасар Ұлы күні. С.Ел. ~ Жұмыр басты пенде атаулының көретін күні осы ма, әлде тек қана мұның ғана пешенесіне жазылған ба, уайым- сыз өтетін бір күні жоқ. Бала күнгі көрген
қиыншылығы, шеккен жәбірі тоя тамақ ішіп, алаңсыз ойын қызығына берілгенде ұмытылатын. Ө.Кәр. ~ Осы
салым салу деген пәлені қай жұмыр бас екен ойлап тапқан?! Белді кесіп, борбайды суырып әкететін тіршілік бір. Д.Дос. ~ Бағанадан бері көзіне періште болып көрініп, өлген-тірілгеніне қарамай өрге ұмтылдырған бар болғаны сол баяғы жұмыр басты, жұтқыншақты пенде екенін білгенде көңілі су сепкендей басылды әйелдің. Е.Әл.