Бәрінен айрылды, түксіз қалды. ~ Қартқожа ақшадан, дәкумент қағаздан жұрдай болды, Омбыда танымал жоқ. Жолдастар жайына кетті. Ақшасыз кісіні кім ұстасын, түскен үй шығарып жіберді. Ж.Айм. ~ Жетісі деді, жылы деді. Қасқыр мен ағайын жеп тауысты. Жаздыгүні ауылдың шетінде, қыстыгүні желдің өтінде жұрдай болдық та қалдық… Ғ.Мүс. ~ Тіпті бар ғой, үйіміздің есік-терезелері тұтқа, шегеден жұрдай бола бастаған соң ауламызды күндіз-түні кезекпен күзетіп, ұйқы көрмей, жынданып кете жаздағанбыз. Ғ.Қаб. ~ Сонан не бәрі жарым сағат өтер-өтпесте бюродан шығып, сол әлгі кілем төсеп тастаған басқышпен қайта төмен түскенде құдды сәтсіз күні жолға шығып, ұрыға тоналған жолаушыдай жұрдай боп шықты-ау! Иә, жұрдай болды! Жұрдай болды! Ә.Нұрп.
