Оты тозған жерден жаңа қонысқа көшті. ~ … август жұлдызын аяқтағанша әр жерге жұрт жаңалап қонып жүрсе де, н соны қонысқа қона алмай, мерзімді судың басында, ескі көңде
кеп отырып қалып, ауылдың маңы шаңдақ тартып, тақырлана берді. Шәк. ~ Қоныс тозып, ауыл жұрт жаңаламақшы болды. А.Байт. ~ Демежан соңдарынан қуып жеткенде, Керімбай ауылдары бөктерден жылжи көшіп, жұрт жаңалай отырып, арғы алыс жайлауларға барып қалған кезі еді. Қ.Жұм. ~ Түс ауа бұлар жуық арада ғана жұрт жаңартып, Жаман Боташқа қонған Сүйеу қарттың ауылына жетті. Ә.Нұрп. ~ Ызғындай іргелі рулардың арасында ықтап өткен әлгі ауылдар бас-аяғы аз уақыттың ішінде мал басып, жұрт жаңартып көше алмайтындай күйге жетті. Ә.Кек.
Әлдебір үйреншікті жағдайын ауыстырды. ~ … оның сөзіне қарағанда, бұл госпитальға ауысуында пәлендей себеп жоқ
екен. Бір жерде ұзақ қызмет істегендіктен зерігіп кеттім, жұрт жаңалағым келді дейді. С.Ом. ~ Ескі құрдасының үйінен соңғы аттанар жолы екі беті татардың сары тоқашындай уылжыған жас қызын көріп жүрегі бүлк еткен. Егер Сүлейменмен жұрт жаңғыртып құда түссе, одан артық тілек бар ма. С.Жүн.
