Онсыз да опық жеген адамның обалына қалды. ~ Ақбілекпен өштігі әуелде өткен күнін көксеуден туса да, жүре-жүре ол себеп ұмытылып, енді тек өштіктің қызырына түскендіктен өшігуші еді. Жығылғанды жұдырықтау оған өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Ж.Айм. ~ Жығылғанды жұдырықтау оған өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Үйткені адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады. Ж.Айм. ~ Тамызықпын жолдасқа, білтедеймін, Жал-құйрығын атының күлтелеймін. Өз үйімде тимеймін жауыма да, Жығылғанға жұдырық сілтемеймін. Ж.Молд.~ Жиналыста жағымпаздар дауысын жырта, жығылғанды жұдырықтауға аса шабыттанатын ойын үлгісі дамыды. З.Жан.
