Posted in

ЖЫЛАН ЖҮРІС

Басқан ізін білдірмейтін залымдық әрекет. ~ Колхоз дүниесінің өте шебер, өте жауыз қаскөйі боп, көпке шейін жылан жүрісін білдірмей сорып келген үш борсық, сыбағалы жазасын осылайша тапқан еді. М.Әу. ~ Ықылық атып, демі түгесіліп қалған шынашақтай неме ес жиғанша болған жоқ, екі жас жігіт аузына шүберек тығып, қол-аяғын тас қылып байлап тастады. Сосын жылан жүріспен от басындағысына қарай бет алған. Н.Дәу.