Posted in

ЖЫЛАН КӨЗ

Жылт-жылт етіп, тесіле қарайтын суық, зәрлі көзді адам хақында. ~ Екеуінің көздері түйісе кетті. Жаңылдың әдетте зәр шашып тұратын жылан көздері күлімсіреп, бұған қас қақпай қарады. С.Дос. ~ Бақа басты, жылан көз біреу екен, Қай жерімен саған бұл тіреу екен. Ә.Тәж. ~ Соны айтты да жылан көз серт бұрылып, Қалың топтың ішіне кетті кіріп. Жауаптасып үлгермей ер Тұрманбет, Тұрып қалды көзіне кек тығылып. Св.Нұр.