Posted in

ЖЫЛАНЫ ҚАЙТТЫ

Тамақтанып алды, ішіне ел қонды. ~ Араны ашылып ашқарақтана уыс толтырып үстi-үстiне асап жатыр. Жыланы қайтып тояттаған соң көңiлiне қулық ендi – Сәбираны қорқытайын деп ойлады … Т.Сәу. ~ Сессия күндері түні бойы кітап-дәптер ақтарып, көзі кіртиіп жүрген Мәмбет ол селсоқтықты қаперіне алмас еді. Емтихан сәтімен аяқталды, жалаңдаған жыланы қайтты. Ептеп қызулау. Соған орай аздап сезімтал бола бастап еді. М.Қаб. ~ «Бүгін аяғыңа жем түскен бе, қызыл ит!» «Жыланы қайтпапты ғой мына қыршаңқының! Түндегі бір дорба сұлы көзіңнен бұлбұл ұшып келе ме? Қайт кейін!» дегендер сияқты зілсіз кәр мен бопса естіліп жатыр. М.Қаб.