Posted in

ЖЫЛАУЫҚ ЖАҢБЫР (ЖАУЫН)

Қайта-қайта және ұзағынан жауатын жауын-шашын. ~ Бір басталып алса жуырда айықпайтын жылауық жаңбыр астында ұзақ жүрген олар қатты жаурады. Е.Мұх. ~ Жұбанбас, жылауық жауын. Қайта қуанбай ма… Жаңбыр басылып, күн ашылып, дүн-дүние жарқырап-жайнап шыға келуші еді… Ш.Мұр. ~ Әп сәтте суық сұр бұлттар күннің көзін жаба қойды да, солтүстіктен салқын жел соғып, алғашқыда сіркірей жауған күздің жылауық жауыны, жел көтерілген сайын үдей түсіп, терезені ұрғылай бастады. АҚ. “Үш хикаят”.