Тынышталды, саябыр тапты, жым болды. ~ Шалқытып зарлатып, баяуқыратып тәтті үнді төгіп – төгіп жібергенде үйдің іші иірудегі жылқыдай жусап мәжіліс мәуеден салбырады. І.Жанс. ~ Егер Бұқтырманың сарыны бір сәтке тоқтап қалса, мынау жылқыдай жусаған дүниенің өлі тыныштығы сонда ғана беймазаланатындай еді… О.Бөк. ~ Бастық балшықтан жасайтын дүние емес. Осы кезеңнің ішінде бұрынғы «жоғары не айтса біз көндік» деп жусаған жылқыдай бас шұлғып отыратын «қараңғы халық» тым-тәуір сауаттанып қалды. Ә.Ізб.
