Posted in

ЖЫЛПЫҢ ҚАҚТЫ

Жылпостанды, жанын сала, жүрдек қимылдады. ~ Қозғалыстың, қимылдың барлығы да жылпың қағып, ұршықтай үйіріліп, танымастық тездікпен құлдырап тұрған сияқты. М.Әу. ~ Қытай палуаны тәсілге бай, қимылдары шапшаң, қасарысып боймайды екен. Енді қашқақтап айқасты. Ептілігі, жылпың қаққан жеңіл қозғалысы, қарғып түсіп, ұршықтай айналып, кесірткедей жорғалауы Қажымұқанның қапсыра ұстап, темір құрсауына алуына ырық бермей жүр. А.Жақс.