Posted in

ЖЫЛТЫ ДА ЖОҚ

Әлде бірдеңенің нышаны да жоқ. ~ Ән боп баяғыда-ақ асқақтап кеткен шырайлы астананың мұнда жылты да жоқ. Т.Сәук. ~ Кәдімгі тұйық Ахан түсініксіз Аханға айналып бара жатқандай көрінді. Ешнәрсеге разы емес, ешнәрсеге илану жоқ, көзінде де, көңілінде де не қуаныштың, не реніштің жылты жоқ. Қ.Ысқ. ~ Негізінде құрылысты жүргізуші ұйым, заң талабы бойынша айналасындағы тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тыңдау өткізуі, не салып жатқан нысанын түсіндіруі, маңайда тұратын халықтың пікірін білуі керек. Бірақ мұның жылты да болған жоқ. БАҚ “ЕҚ”.