Жақындарынан, елден әлдебір ауыр жағдайға байланысты көмек сұрады. ~ Жалғыз-ақ жол: тап осы сөзді, ағайындардан жылу жинау туралы әңгімені Доскей шалдың аузынан айтқызу керек! Сонда іс оңға басады. Ол кісіні күллі ағайынға қадірлі, аузы дуалы. Д.Дос. ~ Тірнектеп жинап алған астығы, бар мүлкі жанып кетті. Ағайындары орталарынан жылу жинап беріп, әрең дегенде есін жинады, байғұс. С.Ом. ~ Енді бұдан былай не істейді? Қашанғы ағайыннан жылу жинап күн көреді? Б.Тоғ. ~ Кешегі қанжайлау үстінде көлдей көлбеген Қоңыраба сазының төрін жайлап отырған Қоңыр төренің қонағы болды. Оның атақ-даңқына жығылып, жылу сұрай барған жоқ. Қ.Тол.
