Posted in

ЖЫЛЫ ЖҮЗ

Мейірбан жүз, оң қабақ. ~ Жалғыз жұлдыздар оларды жұбатып, жылы жүзбен жарқырайтын еді. М.Жұм. ~ Енді бір сәтте оның күлімдеген жылы жүзі буалдырланып, мынау тынысты басқан тымырсық түннің кою қараңғылығына шыққан жан даусы естілді де, тұла бойым түршігіп кетті. О.Бөк. ~ Бұларға не болған өзі? Жирен сақалдың манағы жылы сөзі, жылы жүзі қайда? Мағира неге үндемейді? Д.Әш.