Жанға жайлы жақындық. ~ Жоқ! – Нәргүл жылы құшақтан шығып, орындыққа отыра кеттi. – Мен ешқайда бармаймын. Тiлiмдi алсаң сен де қозғалма. Кетсiн өзi. Р.Рай. ~ Ақмойнақты бауырына қысады, тұмсығынан сүйеді. Желкесінен иіскейді. Ақмойнаққа да бұл мейірім ұнайды. Жылы құшақта оның да тұяқ серіппей үн- түнсіз жата бергісі бар. Қ.Жиен. ~ Злиха онда Сарымсақтың жылы құшағында жатқан. Жастан қосылған ері, нақ сол минутта адамның сырттаны, ешкім қиып кетпестік секілді еді. Б.Май.
