Posted in

ЖЫЛЫ СӨЗ

Жағымды сөз, жанға жайлы тиетін ұнамды лепес. ~ Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмаса әйелге біткен жеңсіқойлық мұны да жеңді ме, әйтеуір қапаста қапаланып, жалынарға жан таба алмай отырған Ақбілектің көзі еріксіз қара мұртқа түсті. Ж.Айм. ~ Соған орай біреуге де есесін жібермейді. Қайсар, керекті жерінде қыңыр, бірбеткей. Осы жолы… осы жолғы осалдығын өзі де түсіне алмады. Біреулерден жылы сөз естісем дейді. Жылы сөз. Қ.Жиен.