Ізім-қайым құрып кетті. ~ Жанарында жамырап тұрған мұқым көрініс жым-жылас жоғалып, қара түнекке
айналғанмен сол қап-қара тұңғиықтың ортасынан, Құдайдың кұдіреті, Оспанның бейнесі жарқырап өшпей-ақ қойғаны.
О.Бөк. ~ Аспан астын жайлаған күнгiрт көлеңке жым-жылас жоғалды; көкiрегiн тырналаған азалы сұңқылдың үнi өштi.
Т.Сәу. ~ «Қанаш осында тығылған болар ма?» – деп күйменің ішіне үңіліп те, сипалап та қарады. Бала жым-жылас,
жоқ боп кетіпті. С.Мұқ. ~… дәл осы кезде дауыл жыртқан дал-дұл бұлт арасынан бір көрініп, бір жоғалып сығыраңдап
тұрған солғын ай да суға батқандай жым-жылас жоқ боп кетіп еді… Ә.Нұрп. ~ Ертеңгісін шағылдың ойық жарлау
қабағында тебінгідей-тебінгідей көлеңке бар-тын; о да көктемгі қардай жидіп, құмға сіңіп, жым-жылас жоғалған
сияқты. М.Сүн. ~ Мақанның кірпігінің ұшында қимылдап қалған колхозшылар енді мүлде жасып, бастарын
төмен тұқыртып, тұнжырай қалысты. Босаға жақтағы біреуі жылыстап есікке бет алғаны- ақ мұң екен,
қалғандары да әне- міне дегенше жым- жылас жоғалып үлгерді. С.См.
