Тырс еткен дыбыс жоқ, тып-тыныш. ~ Таудың тарғыл тасындай домаланған мені қос білектің күшімен шырқ үйіруге кімде дәме болсын. Айнала жым-жырт, бәрі сең соққандай тілдері байланып қалды. Ұ.Дос. ~ Көшеде қыбыр еткен бір пенде жоқ, жым-жырт, бұл қарсы беттегі Ванда тұратын үйге сұқтана қарап, жүрісін жылдамдата түсті. Дж.Голс. ~ Сап-сары ала киімді, алтын зерлі пагонды, бес қаруын асынған үйез бастығы жұрт «Серке Күпін» атандырып алған Сергей Кубицкий домаланып келіп, мінбеге шыққанда жұрт құлаққа ұрған танадай жым-жырт бола қалды. К.Сег. ~ Сары серкеге ілескен пәлекеттер піссімілланы естігенде әуелі жым-жырт бола қалды да, бұл басын көтергенде дүркіреп, тым-тырақай безе жөнелді. Н.Сам. ~ Иә, менің аңқау апам. Жіңішке уәйімін жетектеп әкеме келген. Алдымен шәй құйып отырып ебіл-себіл жылапты. Артынша қатал шалының шоқша сақалы селкілдеп кеткенінен секем алып жым-жырт тынған. Р.От.
