Posted in

ЖЫН БУҒАН БАҚСЫДАЙ (БҰҚАДАЙ)

Долданып, ашуға булығу, жынын шашу туралы. ~ Оның жын буған бақсыдай дірілдеп,
қалтырап тұрған тұла бойын өз еркінен тыс бір қысым күш кернеп тұрған тәрізді. ҚАӘ “Ой.
дүние-ай!” ~ Оразбай Дайырдың хабарын естігенде, жын буған бақсыдай бүлінді. Салған
жерден ауызға алып қиянаттап, айыптап сөйлегені Абай болды. М. Әу. ~ Сәрсенбай
көкпеңбек болып долданып кеткен, шаштары тікірейіп, жын буған бұқадай көздері аларып
кеткен, келінінің қасына жетіп барды да, оң қолынан бұрай тартып, бірінші орындыққа қарай
лақтырып жіберді. Ә.Тар.